Ұлттық баяндамалар
«Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасы

«Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасы

Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2022»

«Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңды іске асыру аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен дайындалды. Жыл сайын жарияланатын баяндаманың биылғы оныншы санында еліміздегі жастар өмірінің негізгі салаларындағы жағдайы кейінгі әлеуметтік-экономикалық және жаһандық геосаяси сын-қатерді ескере отырып, жан жақты талданды.

Баяндамада демография, денсаулық, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, азаматтық және саяси белсенділік, жастардың қауіпсіздігі және мемлекеттің жастар саясаты сияқты жастар дамуының маңызды әлеуметтік параметрлері қарастырылды. Баяндаманы дайындау барысында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ зерттеу институттарының кейінгі статистикалық және талдамалық деректері пайдаланылды. Баяндамада елдегі әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ саяси өзгерістерді ескере отырып, салалар бойынша ұсынымдар қалыптастырылды.

«Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасы жастар ортасындағы қазіргі жағдайды зерделеуге және жастар саясатын практикалық іске асыруға мүдделі барлық тарапқа – мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор ұйымдарының, жастар саясаты институттарының, оқу орындарының, жастар үкіметтік емес ұйымдарының, сарапшылар қауымдастығының, БАҚ және т.б. өкілдеріне арналған.

22.02.2023 3388

Тізімге оралу