«Жастар» ҒЗО туралы
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы – қазіргі қазақстандық жастардың жағдайын зерттейтін бірегей орталық. Орталық бұрын беймәлім болған тенденцияларды анықтау мақсатында жастар және жастар саясаты саласында терең зерттеулер жүргізеді.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі бағыттары:
- жастардың жас ерекшелігіне сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтанулық өлшемдер жүргізу;
- жастар арасындағы мемлекеттік басымдықтарды жаңарту;
- жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын моделдеу;
- мүдделі мемлекеттік органдардың сектораралық өзара іс-қимылын әдістемелік қолдау;
- мемлекеттік жастар саясатына қатысушылардың компетенция деңгейін арттыру.
Ғылыми-зерттеу орталығының бренді – «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы. Өзінің бүкіл жұмыс кезеңінде орталық сегіз ұлттық баяндама дайындап шығарды, оған жастар өмірінің келесі салалары кіреді:
- жастардың демографиялық сипаттамасы;
- жастардың денсаулығы және бос уақыты;
- жастар өміріндегі білім мен ғылымның орны;
- жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
- қазіргі заманғы жастардың құндылық бағдары мен мүддесі;
- жастар қоғамдық және саяси процестерде;
- жастар арасындағы қылмыс;
- жастар саясаты мемлекеттің тұрақты дамуының факторы ретінде және т.с.с.
Ұлттық баяндама – сарапшылар мен барлық деңгейдегі әртүрлі саланың өкілдері арасындағы күрделі жұмыс пен өзара әрекеттің нәтижесі.
Қазіргі уақытта «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының құрылымында келесі бөлімшелер жұмыс істейді:
- Талдау және коммуникация басқармасы;
- Әлеуметтанулық зерттеулер және болжау басқармасы;
- Жастар ресурстық орталықтарын әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасы;
- Ұйымдастыру-қаржы басқармасы.
2020 жылғы 11 наурызда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жанында Байқау кеңесі құрылды.
Кеңестің қазіргі құрамы:
- Майгелдинов Қазбек Өмірзақұлы – «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы;
-
Қайдарова Әсем Серікқазықызы – «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
-
Демеуов Махсат Жамалханұлы – «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
-
Баймулдинов Қайрат Дюсембайұлы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы.