Жастарға арналған мүмкіндіктер
Волонтёрлік және экомәдениет
«Әлеуметтік студенттік несие» жобасы

«Әлеуметтік студенттік несие» жобасы

«Әлеуметтік студенттік несие» жобасы

Жоба мақсаты

*Әлеуметтік институттар мен мекемелерде орындалған қоғамдық пайдалы жұмысы үшін әлеуметтік студенттік кредит  беру арқылы студенттерді ынталандыру

*Әлеуметтік институттар бола алады 

балалар үйлері, арнайы мектептер, жастарға қызмет көрсету орталықтары, оқушылар сарайлары, қарттар үйлері, емханалар, жоғары оқу орындары, мектептер, колледждер және бағыттар бойынша жұмыс істейтін өзге де әлеуметтік мекемелер

Жобаны іске асыру механизмі

жоба аясында ЖОО студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта тапсыра алады. Студенттер еріктілер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және өзге де әлеуметтік мекемелерде көмек көрсететін болады.

Қатысудың негізгі бағыттары

  1. инклюзивті білім беру;
  2. репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық);
  3. девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
  4. аула және спорт клубтарын ұйымдастыру;
  5. қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс.

Әлеуметтік студенттік кредиттің түрлері

Студенттер әлеуметтік студенттік кредит түрлерін ала алады:

  • 20 сағатқа ваучер - 20 000 теңге және тиісті 2 академиялық кредитті есептеу;
  • 50 сағатқа ваучер - 50 000 теңге және тиісті 5 академиялық кредитті есептеу.

Бір оқу жылы ішінде студент 70 сағаттан артық емес ақылы қоғамдық пайдалы қызметті өтей алады.

Қатысудың жолдары

Жобаға тіркелу туралы барлық ақпаратты «Qazvolunteer.kz» сайттың «Әлеуметтік студенттік несие» бөлімінде таба аласыз:

Сайттың бөліміне сілтеме: https://student.qazvolunteer.kz/kk

1828

Возврат к списку