Жастарға арналған мүмкіндіктер
Қаржылық сауат
Кредит қалай алуға болады?

Кредит қалай алуға болады?

Кредит қалай алуға болады?

1. Ол үшін мақсаттар бойынша несие түрлерін анықтау қажет:

  • тұтынушылық – қарыз алушының қажеттіліктеріне (жеке мақсаттарына) арналған кредит, бірақ кәсіпкерлік қызметті қоспағанда;
  • өнеркәсіптік – өнеркәсіптік кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қарыздардың берілуін тұспалдайтын кредит. Әдетте, мұндай кредиттер қарыз алушыларға аса жоғары сомалардың ұсынылуын тұспалдайды. Бұл ретте өнеркәсіптік қарыздар әдетте ерекше және едәуір жұмсақ шарттармен беріледі;
  • саудалық – тауарларды кейіннен сату үшін кредитке алу, таяу келешекте оның құны мен пайыздарының төленуімен; көтерме және бөлшек саудада кеңінен пайдаланылатын қысқа мрезімді қарыздардың кеңінен тараған нысаны;
  • ауыл шаруашылық – ауыл шаруашылығын дамытуға арналған кредит;
  • инвестициялық – заңды тұлғаларға бизнес-жобаларды қаржыландыруға берілетін кредит түрі;
  • бюджеттік (пайыздық және пайызсыз) – тиісті бюджеттермен қарастырылған лимиттер шегінде және шарттармен мемлекеттік немесе муниципалдық унитарлық кәсіпорындарға ұсынылады;
  • ипотекалық – тұрғын үй сатып алуға арналған кредит;
  • автомобильдік;
  • кредиттік карта – операциялар жасауға арналған банктік төлем картасы, ол бойынша есеп айырысулар кредиттік шарт талаптарына сәйкес белгіленген лимиттер шегінде банктің клиентке ұсынған қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

2. Несиелік ұсыныстар туралы толық ақпарат алу үшін банкке хабарласыңыз.

ҚР Екінші деңгейдегі банктерінің байланыстары: https://egov.kz/cms/kk/articles/banks

2705

Возврат к списку