Жобалар:
13 жылдық жұмыс барысында ұйым көптеген жобалар мен іс-шараларды жүзеге асырды. Ең негізгі жобаларға тоқталсақ:
«C10tent» жастар бағдарламасы (2019-2020 жж.) (аяқталды)
Еуразия бірінші арнасымен бірлесе жүзеге асырылған жоба, онда жасұландықтар жүргізуші және редактор ретінде жұмыс істеді, мектеп оқушыларына журналистика саласында кәсіби бағдар беріп, дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
«Birgemiz: TazaAlem» (2020 ж.) (аяқталды)
Эковолонтерлік жоба, оның шеңберінде 1000 волонтер дайындалып, 2000 ағаш отырғызылды, 18 плоггинг шарасы өткізілді, 800 волонтер «World Cleanup Day» акциясына қатысты.
«Birgemiz: Asyla Mura» (2020 ж.) (аяқталды)
Тарихи және мәдени мұраны сақтау жобасы. 1000 волонтер археологиялық қазбаларға қатысып, мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ википедияны толықтыруға атсалысты.
Экологиялық жобалар «Экоәлем», «Birgemiz: Taza Alem», «Kieli tabigat» (2019-2021 жж.) (аяқталды)
Экоқұзыреттілікті дамыту жобалары: мыңдаған ағаштар отырғызылып, жүздеген тонна қоқыс жиналды, көптеген балалар мен жасөспірімдер экология бойынша білім алды.
«ReStart» жобасы (2020-2021 жж.) (аяқталды)
Интернет тәуелділігі мен кибербуллингке қарсы профилактикалық жоба: мыңдаған балалар интернетті тиімді пайдалануға және цифрлық сауаттылыққа үйретілді.
«ZhasProject» жобасы (2022 ж.) (аяқталды)
Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы жастар бастамаларын қолдау жобасы. 61 әлеуметтік бағыттағы шағын жоба жүзеге асырылып, жастардың әлеуметтік және кәсіби бағдарлануына ықпал етті.
«Өркендеу» жобасы (орындалуда)
Отбасы құндылықтарын сақтап, қайта жаңғыртуға бағытталған жоба, Қазақстанның аймақтарында 6 мектеп арқылы отбасы байланыстарын нығайтып, мәдени дәстүрлерді дамытуда жүзеге асырылады.
«Көшбасшылар мектебі» және «Волонтерлік мектебі» (аяқталды)
Бұл жасөспірімдердің жұмсақ қабілеттерін дамытудың дәстүрлі бағдарламасы. Бұл жобалар Қазақстандық қоғамдыққ даму институтының аясында акселерациядан өтіп, Қазақстан Республикасының өңірлерінде енгізуге ұсынылған.
«Birgemiz: Bilim» жобасы (2023-2024 жж.) (аяқталды)
Цифрлық, қаржылық, тілдік және компьютерлік сауаттылықты 10 000 адамға үйреткен жоба. 4000 волонтер дайындалып, 59 шағын грант іске асырылды.
«Қазақстан жастарының U-Report жобасына қатысуын арттыру» by UNICEF (орындалуда)
Жастарды қоғамдық үдерістерге тартуға арналған инновациялық платформа. 500 волонтер тартылып, 10 000-нан астам жас платформаға тіркелді.