2013 жылғы 11-12 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қолдауымен «Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіру» атты семинар-тренинг өтті. Әр топтың соңында екі күн ішінде семинар-тренингке қатысушылар арасында сауалнамалар (өзін-өзі толтыру) арқылы әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді, ал екінші күннің соңында тренерлер сауалнамаларды толтырды. Зерттеудің алынған нәтижелері тренингке қатысушылардың пікірлерін білуге мүмкіндік беріп қана қоймай, осындай іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді жақсартуға көмектеседі.