2013 жылғы Астана қаласы жастарының төлқұжатын «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жасады. Астана қаласының жастар төлқұжаты мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, қоғамдық бірлестіктерге, жастар ресурстық орталықтарына, бұқаралық ақпарат құралдарына – мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыруға мүдделі адамдардың барлығына бағытталған.