Ұлттық баяндамалар
«Қазақстан жастары – 2019» Ұлттық баяндамасы

«Қазақстан жастары – 2019» Ұлттық баяндамасы

Национальный доклад «Молодежь Казахстана - 2019»
«Қазақстан жастары – 2019» Ұлттық баяндамасы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен дайындалды.

Жастар арасындағы қазіргі процестерді болжау, мемлекеттік жастар саясатын қазіргі заман саясатына бейімдеу және жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық процестеріне қатысуын арттыру перспективаларын аналитикалық түсіну ерекше маңызды. Осы мақсатта жыл сайынғы «Қазақстан жастары - 2019» ұлттық баяндамасы дайындалып, есеп бойынша қатарынан жетінші рет жүргізілді. Бұл Қазақстан жастарының өмірінің негізгі бағыттары мен жағдайын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Баяндама мәтінінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы тапсырысы бойынша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өткізген жаппай социологиялық зерттеулерінің, сонымен қатар «Қазақстан жастары» республикалық жастар сауалнамасы мен «Дін радикализмінің мәселелері және оған қарсы тұру жолдары» атты республикалық сауалнамасының (2019 жылғы маусым-шілде) және т.б. нәтижелері пайдаланылды. «Қазақстан жастары - 2019» Ұлттық баяндамасы жастар саясатын жүзеге асыруға қызығушылық танытқан: мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам ұйымдары, жастар саясаты институттары, білім беру мекемелері, жастардың үкіметтік емес ұйымдары,БАҚ, басқада барлық ұйымдар мен тұлғалар үшін дайындалған.

14.01.2020 3522

Тізімге оралу