«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 27 қазанда Астана қаласында Astana IT университетінде облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары басшылары қатысқан алқа жиынын ұйымдастырды.
Бұл іс-шара мемлекеттік жастар саясаты жүйесіндегі жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында орталықтардың қызметін дамыту үшін жыл сайын өткізіліп тұрады.
Алқа жиыны барысында Шымкент және Астана қалалық ЖРО-ларының атқарған жұмысы, цифрлық және кәсіпкерлік дағдыларға оқыту курстарын ұйымдастырудағы тәжірибесін бөлісті.
Сонымен қатар алқа шеңберінде қатысушыларға «JASTAR LIVE» атты жастарға арналған мобилді қосымшаның презентациясы таныстырылды.
Іс-шара барысында ЖРО-ның келесі жылға жұмыс жоспарлары мен қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.