Жобалар
2022 жылғы 10 маусымда Astana Hub базасында Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті

2022 жылғы 10 маусымда Astana Hub базасында Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті

2022 жылғы 10 маусымда Astana Hub базасында Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті

2022 жылғы 10 маусымда Astana Hub халықаралық технопаркінде Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті, оның мақсаты жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында жастар ресурстық орталықтарының әдістемелік және практикалық қызметін үйлестіру болып табылады.

Кеңес отырысында келесі мәселелер қаралды:
• жастар ресурстық орталықтарының жекелеген бағыттары бойынша әдістемелік материалдарды, семинарлардың, вебинарлардың және оқыту курстарының оқу жоспарларын талқылау;
• жастар ресурстық орталықтарын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру;
• жастар ресурстық орталықтарының қызметін ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
• жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған жастармен жұмыстың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарастыру;
• жастар ресурстық орталықтарында жастармен жұмыстың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
• жастармен жұмысты жақсарту мақсатында семинарлар, конференциялар мен кездесулер ұйымдастыру және өткізу.

07.02.2023 645

Тізімге оралу