Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен бекітілген Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережеге сәйкес, ЖРО әрбір негізгі бағыт шеңберінде жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
1. Жобаның мақсаты – жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыттары шеңберінде жастардың цифрлық жобаларын іске асыру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу.
2. Іске асыру мерзімі: 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап – жыл бойы.
3. Жобаның географиясы: жобаға барлық облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары қатысады
4. Қатысушылар: 14-28 жас аралығындағы жастар, қатысушылардың кемінде 30%-ы халықтың осал топтарынан (NEET-жастар, мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар және басқалар) болуы тиіс).
5. Онлайн іс-шараларды өткізу алгоритмі:
5.1. Әлеуметтік желілерде (instagram, facebook) алдын ала хабарлай отырып, тұрақты негізде (аптасына кемінде 1 рет) мынадай іс-шараларды өткізу:
1) kahoot.it. сайты арқылы түрлі тақырыптарға онлайн викториналар өткізу;
2) түрлі қызықты лайфхактар дайындау және оларды интернет-ресурстарда және ЖРО әлеуметтік желілерінде (facebook, instagram, vk, tik-tok, pinterest және т.б.) жариялау;
3) zoom, youtube, Mc Teams, google meet және т.б. платформалары арқылы жастардың мүдделері бойынша түрлі онлайн іс-шараларды тұрақты негізде өткізу.
5.2. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әлеуметтік желілерде онлайн іс-шаралар өткізу:
1) Абай мен әл-Фараби шығармалары бойынша эстафета (осы эстафетада бірнеше адам бір-біріне беріп, бір шығарманы бөлісуі тиіс);
2) Абай мен әл-Фараби шығармашылығынан челлендж;
3) Абай мен әл-Фараби бейнеленген фотоальбомдар және мақал-мәтелдер мен афоризмдерден инфографика жасау;
4) іс-шара мен мерейтойға қарай келесі хэштегтерді қолдану: #Abai175 #AlFarabi1150.
5.3. Онлайн режимде жастармен әңгімелесу түрінде викториналар, акциялар мен іс-шаралар өткізу үшін беделді және танымал жастарды (мәдениет, спорт және т.б. саласындағы әртүрлі жетістіктермен) тарту.
5.4. Онлайн-іс-шараларды өткізу үшін ақылы платформаларға бизнес-жазылымды рәсімдеу қажет (ZOOM, Kahoot және т.б.).
5.5. Материалдарды әлеуметтік желілерде жариялау кезінде #JastarǵaQyzmet бірыңғай хэштегін қолдану.