Жобалар
Алматының жас мамандары «ақылды» жобалар ұсынды

Алматының жас мамандары «ақылды» жобалар ұсынды

Алматының жас мамандары «ақылды» жобалар ұсынды

Алматының жас мамандары «ақылды» жобалар ұсынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Almaty Smart City Challenge бірінші қалалық хакатонының 140 қатысушысы қала үшін маңызды «ақылды» жобаларды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің instagram-дағы парақшасында жазды.

«Үш команданың жұмысы ең үздік деп танылды. Атап айтқанда, HCK50 командасы туристерге арналған Salem Tourist жобасын, GGG — қалдықтармен жұмыс істейтін «Smart bin»-ді, ал Mbionics командасы көлік нөпірін реттейтін «Ақылды тұрақ» жобасын жасады. Барлығы 30-дан астам жоба ұсынылды»,- дейді әкім. 

Сондай-ақ, алдағы уақытта зияткерлік жобаларға қолдау көрсетіледі.

«Зияткерлік жобалар мен ұтымды қосымшаларды ұсынған командалардың жұмыстарына қолдау көрсетілмек. Біз «ақылды» марафонды жыл сайын өткізу арқылы оның қолдану аясын кеңейтіп, жоба әзірлеушілерді көбірек тартамыз»,-деп жазды Б.Сағынтаев.
08.10.2019 1533

Тізімге оралу