Баспасөз хабарламалары
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша семинар өтті.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша семинар өтті.

Семинар по разъяснению антикоррупционной политики состоялся в Научно-исследовательском центре «Молодежь»

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша семинар өтті.

21 қарашада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында семинар өтті. Іс-шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Сондай-ақ бұл кездесу мамандардың кәсіби қызметтегі сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу, анықтау және азайту маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін заңнамалық базамен танысты. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке, алдын алу шараларына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауды бақылау тетіктеріне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі ережелері таныстырылды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері сөз сөйледі. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық аспектілерін жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар кәсіби қызметте ашықтық, адалдық және жауапкершілік қағидаларын ұстану қажеттігіне баса назар аудара отырып, орталық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болды.

21.11.2024

Возврат к списку