Сараптамалық кездесу барысында жастар өмірінің түрлі аспектілері бойынша кең пікір алмасу өтті
13 тамызда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «AMANAT» партиясының Есіл филиалымен және Есіл ауданы әкімі аппаратымен бірлесіп «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін таныстырды.
ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов соңғы екі жылдағы жастар саясатындағы елеулі өзгерістер жас ұрпақтың өзекті мүдделері мен қажеттіліктеріне байланысты екенін, бұл стратегияларды қайта қарауды талап ететінін атап өтті. Мұнда жастардың заманауи сұраныстарын түсінуге көмектесетін ғылыми зерттеулер маңызды рөл атқарады.
«Қазақстан жастары» зерттеуінің нәтижелері туралы толығырақ орталықтың әлеуметтанулық зерттеулер және болжау басқармасының басшысы Сабина Шаймерденова айтып берді. Өз сөзінде ол білім, денсаулық, жастардың экономикалық мінез-құлқы мәселелеріне баса назар аударды. Сондай-ақ жастар ортасында тұтынудың басты құндылықтары, мүдделері, трендтері белгіленді.
«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Жусупова Санира партияның жастармен атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Ол жастардың бастамаларын, соның ішінде білім беру және әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталған бағдарламалар белсенді жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2013 жылдан бастап жастар ортасындағы әлеуметтік жағдайға зерттеулер мен мониторинг жүргізіп келеді.