Астанада облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшыларына арналған оқыту бағдарламасынан 50-ге жуық адам өтті.
Жас көшбасшылар семинар-тренингтер барысында түрлі деңгейдегі тақырыптар аясында білімдерін шыңдады. Атап айтқанда: сыни ойлау негіздері, жобаны басқару, ораторлық шеберлік. Сондай-ақ корпоративтік жауапкершілік пен этика салаларына да назар аударылды.
Қатысушылар тәжірибелі спикерлердің дәрістерін тыңдап қана қоймай, талдамалық материалдармен жұмыс жасау дағдыларын шыңдады, әрі топтық жобаларын қорғады. Академия тыңдаушылары практикалық тапсырмалар мен кейстердің тың ақпаратты тәжірибеде қолдануға мүмкіндік бергендігін, әрі интерактивті форматтың тиімді оқытуға ықпал еткендігін атап өтті.
Кәсіби даму академиясы мамандардың әлеуеті мен жастарға
көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға бағытталған. Оқытудың
қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.