Баспасөз хабарламалары
Қарағанды қаласында ЖРО қызметкерлері үшін қорытынды семинар-тренинг өтуде

Қарағанды қаласында ЖРО қызметкерлері үшін қорытынды семинар-тренинг өтуде

В Караганде проходит завершающий семинар-тренинг для сотрудников МРЦ

Қарағанды қаласында ЖРО қызметкерлері үшін қорытынды семинар-тренинг өтуде

17-19 шілде аралығында Қарағанды қаласында NEET санатындағы жастармен жұмыс істеуге бағытталған үш күндік оқыту семинары басталды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі NEET жастары жалпы жастар санының (14-34 жас) 7% құрады. Ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында – 11,9%, ең төменгі көрсеткіш Абай облысында – 4,1% құрады.

Іс-шара барысында ЖРО қызметкерлері NEET топтарын санау және анықтаудың құралдарымен танысады. Сондай-ақ назар жастардың осы осал санатымен жұмыс істеу үшін қажетті қарым-қатынас және кеңес беру дағдылары мен әдістерін меңгеруге аударылады.

Аталмыш семинар-тренинг Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жобасының аясында ұйымдастырылған бірқатар оқыту іс-шараларының қорытындысы болып табылатынын атап өткен жөн. Мектеп жобасы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті арқылы жүзеге асырылуда. Ол жергілікті жастармен өзара іс-қимыл жасау кезінде ЖРО қызметін іске асыру үшін қажетті дағдылар мен білімді жетілдіруге бағытталған.

Биыл Мектеп аясында Ақтөбе, Тараз және Астана қалаларында 3 семинар-тренинг өткізілді. Оқудан ЖРО қызметкерлері қатарынан 100-ге жуық адам өтті. Семинарлар тақырыптары ЖРО қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша анықталды.

17.07.2024

Возврат к списку