Баспасөз хабарламалары
Заман талабы: ЖРО мамандары ақпараттық және талдамалық технологиялар бойынша біліктілігін арттырады

Заман талабы: ЖРО мамандары ақпараттық және талдамалық технологиялар бойынша біліктілігін арттырады

Требование времени: специалисты МРЦ повышают квалификацию по информационным и аналитическим технологиям

Заман талабы: ЖРО мамандары ақпараттық және талдамалық технологиялар бойынша біліктілігін арттырады

Астанада үшінші жоспарланған семинар-тренинг 3-5 шілде аралығында өтуде. Еліміздің жастар ресурстық орталықтарында қызмет атқаратын мамандар біліктілігін арттыру мақсатында Мемлекеттік жастар саясаты мектебі алаңында бас қосты. Қатысушылар үш күн бойы цифрлық құралдардың іргелі және қолданбалы аспектілері мен аналитика дағдылары бойынша біліктілігін арттырады. Оның ішінде: нейрондық желілер, контент-маркетинг, фактчекинг, түрлі цифрлық платформаларда жұмыс істеу дағдылары (және де жазба тәсілдері).

Қазіргі цифрландыру заманында жаңа технологиялар қарқынды дамып жатыр. Осы үдерістен тыс қалып қоймау үшін ұдайы білімді жетілдіріп, жаңа дағдыларды игеріп отырған абзал.

Іс-шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында семинарлар бұған дейін басқа да өзекті тақырыптар бойынша Ақтөбе және Тараз қалаларында өткен болатын.

03.07.2024

Возврат к списку