26-28 маусым аралығында Тараз қаласында жастармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған семинар-тренинг өтуде. Іс-шара барысында қатысушылар БАҚ-пен жұмыс жасау және жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі – ЖРО) әлеуметтік желілердегі бейнесі тақырыптарында оқытылады. Соның ішінде PR-стратегия, контент және коммуникация туралы білімдерін пысықтайды.
Семинар тақырыбының өзектілігі – жастардың 32,5%-ы жаңалықтар мен оқиғалар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерденалуында. Сонымен қатар ЖРО қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері бойынша анықталғанын да атап өткен маңызды.
Іс-шара «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жобасы аясында өтуде