Баспасөз хабарламалары
Сарапшылар жастардың негізгі құндылықтарын талқылады

Сарапшылар жастардың негізгі құндылықтарын талқылады

Сарапшылар жастардың негізгі құндылықтарын талқылады

Ағымдағы жылдың 27 мамырында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің базасында ҚХА хатшылығының, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері мен ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелерінің қатысуымен «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. Отырыс барысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова «Қазақстан жастарының құндылық бағдарлары» тақырыбында сөз сөйледі. Ол сапалы әлеуметтік дамуға жағдай жасау үшін жас азаматтармен тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті, өйткені қоғамның және оның әлеуметтік-мәдени институттарының даму векторы, сайып келгенде, жастардың әл-ауқатына, құндылық бағдарларына, мәдени және ұлттық өзін-өзі сәйкестендіруге байланысты.
28.05.2024

Возврат к списку