Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған заңсыз ойын және құмар ойындарға тәуелділікпен күресудің кешенді жоспарының жобасы мен жастар саясаты саласындағы стратегиялық және талдамалық құжаттарды дайындау болды.
Осы ретте «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасы құрылымының жобасы және әлеуметтанулық зерттеулердің барысы жөнінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова сөз сөйледі. Сонымен қатар ұлттық баяндаманы дайындауға Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері де тартылатыны атап өтілді.