Жастарға арналған мүмкіндіктер
Көлік
Жүргізуші куәлігін алу

Жүргізуші куәлігін алу

Жүргізуші куәлігін алу

Алудың негізгі шарттары

  1. 18 жасқа (немесе 16 жасқа, бірақ тек мотоцикл жүргізушілері үшін) толудан кейін.
  2. Автомобиль жүргізудің теориялық және практикалық курстарынан өтіп, жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) білу бойынша емтиханын сәтті тапсыру қажет.

Жүргізуші куәлігін алудың тәсілдері

egov.kz сайты арқылы қызметті алу

Қызметті алу туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз: https://egov.kz/cms/kk/articles/poluchenie_pravab
Электрондық қызметке сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/vehicle/010pass_mvd

Мамандандырылған ХҚКО арқылы қызметті алу

Жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған ХҚКО-сында сізге тапсыру қажет:

  • жүргізуші куәлігінің түпнұсқасы (алмасу жағдайда);
  • уақытша жүргізуші куәлігі (ауыстыру жағдайында);
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • тегі, аты-жөні және әкесінің аты өзгергені туралы куәлік;
  • алкоголь, токсикологиялық және нашақорлық жоқтығы туралы Наркологиядағы және психотерапия орталығының анықтамасы және психикалық денсаулық сақтау орталығы (бұл анықтамаларды мамандандырылған қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ алуға болады) және кеуде рентген (тексеруден мекен жайы бойынша емханада өтуге болады);
  • № 083/у-нысанды медициналық анықтаманың көшірмесі және түпнұсқасы;
  • жүргізуші куәлігін беру үшін 1,25 АЕК мөлшерінде алым төлеу түбіртегі;
  • еңбек өтілі куәландыратын құжат (жұмыс орнынан анықтама), «C», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттар тағайындау;
  • ұйымының дипломатиялық корпуспен жұмыс бойынша бағыты (жол қозғалысының шетелдік қатысушылары үшін);
  • курстарын бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғандарының орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларды қоспағанда).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағаттан артық емес.

Қызмет көрсету түпкі нәтижесі: жүргізуші куәлігін алу немесе негізделген бас тарту туралы хабрландыру алу.

Жол полициясы органдары арқылы қызметті алу

Жол полициясы органдарының тіркеу-емтихан бөлімінде жүргізуші куәлігін алу үшін, келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • № 083/У медициналық анықтаманың денсаулық жағдайы туралы түпнұсқасы мен көшірмесі - тіркеу орны бойынша емханада, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-да алуға болады, Наркология және психотерапия орталығының алкоголь, токсикологиялық және наркологиялық құмарлығы жоқтығы туралы және Психикалық денсаулық сақтау орталығының анықтамасы (бұл анықтамалар, сондай-ақ Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алына алады), сондай-ақ, флюорография (емханада тіркелген жері бойыншатексеруден өтуге болады);
  • курстарды бітіргені туралы куәлікті және оның көшірмесін (жүргізуші куәлігін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру жағдайларды қоспағанда);
  • бұдан бұрын берілген жүргізуші куәлігі (оны ауыстырған кезде);
  • 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу түбіртегі (сіз электрондық е-үкімет порталында egov.kz онлайн төлей аласыз;
  • жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама) «D», «Е» санатын беру үшін; стандартында сонымен қатар жұмыс өтілін растайтын құжатты тексеріңіз (жұмыс орнынан анықтама) «С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санатын беру үшін;
  • шетелдiктер мен қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге шетелдік мемлекет берген жүргізуші азаматтығы жоқ тұлғалар үшін;
  • тегі, аты, әкесінің атын ауыстыру туралы анықтама (аты-жөнін ауыстырған жағдайда);
  • ұйымының дипломатиялық корпуспен жұмыс бойынша бағыты (жол қозғалысының шетелдік қатысушылары үшін).

Қызмет көрсету мерзімі: 6 сағаттан артық емес.

Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігін алу немесе қоғамдық қызметтерді қамтамасыз етуден бас тарту алу.

1650

Возврат к списку