Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары
Әлеуметтік жұмыс орыны

Әлеуметтік жұмыс орыны

Әлеуметтік жұмыс орыны

Бағдарламаны жүзеге асырудың құқықтық негізі

  1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: https://online.zakon.kz/Document/?Doc_id=35224846

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

  1. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс беруші мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы келісім-шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, олардың жалақысын субсидиялау арқылы құрылады.
  2. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша болып табылады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
  3. Субсидия мөлшері айына белгіленген жалақы мөлшерінің 35% - ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеудің бір бөлігін жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшер негізге алына отырып, ай сайын нақты жұмыс істеген уақыты үшін дербес жүргізеді.

Қайда жүгіну қажет?

тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts)

Қандай құжаттар қажет?

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом).
Толығырақ:https://www.enpf.kz/kz/services/unemployed/social-work.php/?doc_id=30368885
2901

Возврат к списку