Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары
Агросақтандыру

Агросақтандыру

Агросақтандыру

Жалпы ақпарат

2020 жылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сақтандырудың жаңа жүйесі іске қосылды. Сақтандыру операторы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Аграрлық несие корпорациясы.

2004 жылдан бері қолданыстағы өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруға қарағанда жаңа жүйенің бірнеше ерекшелігі бар.

Біріншіден, АӨК саласындағы сақтандыру ерікті.

Екіншіден, салалар бойынша шектеулер жоқ - агросектор аясында кез-келген бағытты сақтандыруға болады.

Үшіншіден, сақтандыру сыйақысын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау қарастырылған. Ол ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға және сақтандыруды жартылай арзандатуға бағытталған. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы №172 «Сақтандыру сыйақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер аясында 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйақысын субсидиялау 80%-ға дейін көбейді.

Жаңа жүйені әзірлеу кезінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың проблемалары ескерілді. Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүйеде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істейді.

Жүйеге әлемдік сақтандыру нарығында "А" рейтингі бар үш халықаралық қайта сақтандыру компаниясы тартылды. Олар отандық компаниялардың тәуекелдерін қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда кепілдендірілген төлемдерге мүмкіндік береді

Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер agroinsurance ақпараттық сервисінде электрондық цифрлық қолтаңбамен жүргізіледі

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бұл сервис Kezekte.kz платформасына орналастырылды. Онлайн сақтандыруға қатысу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші жыл сайын күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін Kezekte.kz платформасына тіркеліп, абоненттік төлем төлеуі қажет. 2023 жылы абоненттік төлем көлемі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Процестерді автоматтандыру адам факторын азайтуға мүмкіндік береді және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді.

АӨК сақтандыру саласындағы оператор

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 10.09.2021 ж. №271 бұйрығымен Аграрлық несие корпорациясы Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыру саласындағы оператор болып анықталды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың қызметіне кіретіндер:

1) сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және оны сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2) ссақтандыру сыйақысы бойынша субсидия түрінде бюджет қаражатын бөлу процестерін басқару;

3) субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдерін әзірлеу, сараптама жүргізу және бекіту. Сақтандыру өнімдерін агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор немесе сақтандырушылар әзірлейді. Субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдері Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі;

4) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласының мониторингі;

5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;

6) сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастыру.

Сақтандыру өнімдері


2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда қарқынды және жартылай қарқынды бау-бақшаларды сақтандырудың жаңа бағдарламасы іске қосылды.

Қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенінің сақтандыру нарығында келесідей сақтандыру өнімдері бар:

I. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру

  • топырақтың ылғал тапшылығы индексін сақтандыру (2 кезең) (1-төлқұжат);
  • топырақтың ылғал тапшылығы индексін сақтандыру (3 кезең) (2-төлқұжат);
  • топырақтың ылғал артықшылығы индексін сақтандыру (3-төлқұжат);
  • күздік дақылдар үшін топырақтың ылғал тапшылығы индексін сақтандыру (3 кезең) (4-төлқұжат);
  • жайылым биомассасы деңгейінің индексін сақтандыру (5-төлқұжат);
  • көпжылдық ағаштар – алма ағашын сақтандыру (13-төлқұжат);
  • алма дақылын сақтандыру (14-төлқұжат).
II. Мал шаруашылығындағы сақтандыру
  • ірі қара малды сақтандыру (әдеттегі орнын толтыру) (6-төлқұжат);
  • ірі қара малды сақтандыру (кеңейтілген орнын толтыру) (7-төлқұжат);
  • ұсақ қара малды сақтандыру (әдеттегі орнын толтыру) (8-төлқұжат);
  • ұсақ қара малды сақтандыру (кеңейтілген орнын толтыру) (9-төлқұжат);
  • жылқы сақтандыру (қалыпты орнын толтыру) (10-төлқұжат);
  • жылқы сақтандыру (кеңейтілген орнын толтыру) (11-төлқұжат);
  • құс сақтандыру (12-төлқұжат).
Жануарларды (ірі қара малды) сақтандыру бойынша бұрын бекітілген өнімге толықтыру енгізілді, атап айтқанда: 10-нан 29-ға (қосқанда) дейін ірі қара малды сақтандыруға болады.

Сақтандыру нарығы топырақтағы ылғалы тапшылығы тәуекелінен сақтандыру үшін күздік дақылдарға арналған 3 сатылы индекстік өнім бойынша сақтандыру шартын жасасу мерзімін 2022 жылғы 14 қыркүйегіне (қосқанда) дейін ұзартты.

2023 жылдың қаңтарында топырақтың ылғал тапшылығы (2 кезең, 3 кезең) және топырақтың ылғал артықшылығы индексті сақтандыру өнімдеріне келесідей өзгерістер енгізілді (1, 2, 3 төлқұжаттар):
  1. 2023 жылғы маусымның триггерлері қайта бекітілді;
  2. сақтандыруға жататын дақылдардың тізіміне өзгерістер енгізілді;
  3. сақтандыру тарифтерін көтеруге қатысты өзгерістер енгізілді.

573

Возврат к списку