Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаны жүзеге асырудың құқықтық негізі

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30369632#activate_doc=2
  2. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаулысы: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400009946

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:

  • 100 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
  • 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
  • ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру.

Бағдарламаға қатысу үшін:

  • Сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
  • жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
  • жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
  • аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.

Қайда жүгіну қажет?

тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts немесе білім бөліміне (https://egov.kz/cms/kk/articles/2Fspisok_otdel_edu)

Қандай құжаттар қажет?

Көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • білім туралы құжаттың (дипломның) көшірмесі;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер.

Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
  • аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама ұсынылады.

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде қосымша:

  • маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
  • кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
  • кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
  • берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда).

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды ұсынуды үміткерден талап етуге жол берiлмейдi.

6003

Возврат к списку