Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

  1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыз адамдар үшін, оның ішінде білім беру ұйымының түлектері үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұлттық жобаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады, содан кейін зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстырады.;
  2. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың 6 айы ішінде еңбекақы төлеуді субсидиялайды;
  3. Жергілікті бюджеттен айына субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда 30 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып) құрайды.;
  4. Қайда жүгіну қажет?

    тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts

    Қандай құжаттар қажет?

    • өтініш;
    • жеке басын куәландыратын құжат;
    • білім туралы құжат (аттестат);
    • еңбек кітапшасы (бар болса);
    Толығырақ: https://egov.kz/cms/ru/articles/job_search/vipusknik»/document/?doc_id=31587134
1244

Возврат к списку