Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары
Бизнесті ашуға арналған мемлекеттік грант

Бизнесті ашуға арналған мемлекеттік грант

Бизнесті ашуға арналған мемлекеттік грант

Бағдарламаны жүзеге асырудың құқықтық негізі

  • «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы:https://online.zakon.kz/document/?doc_id=38847468
  • Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

    Бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын немесе іске асырып жатқан «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

    1. "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен немесе "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқытуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған "Еңбек" бағдарламасының қатысушылары мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
    2. Грантты кім ала алады?

      Жоба арналған:

      • жұмыспен қамту орталықтарының курстарында бейіндік даярлықтан өткен тұлғалар үшін;
      • жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығында тіркелу фактісіне қарамастан) үшін;
      • ауылдық жерлерде және шағын қалаларда тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін;
      • Грантты қалай алуға болады?

        "Еңбек" бағдарламасы ("Бастау Бизнес" жобасы) шеңберінде грант алу үшін жұмыспен қамту орталығына мынадай құжаттарды ұсыну қажет: (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts)

        • грант алуға өтініш;
        • жеке куәлік (қандас куәлігі) – көшірмесі және түпнұсқасы;
        • дайын бизнес-жоспар;
        • "Еңбек" бағдарламасы ("Бастау Бизнес"жобасы)шеңберінде оқудан өткені туралы сертификаттың көшірмесі.
        Толығырақ:https://mybuh.kz/useful/gosudarstvennyy-grant-na-otkrytie-svoego-biznesa.html/?doc_id=30368885
    4586

    Возврат к списку