Жастарға арналған мүмкіндіктер
Халықаралық мүмкіндіктер
Халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге оқуға жіберу тәртібі

Халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге оқуға жіберу тәртібі

Халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге оқуға жіберу тәртібі

Шетелде білім алу мүмкіндігі бүгінде орындалмайтын арман емес. Нақты мақсатты көздеп, алға – білім мен табыс жолына ұмтылғандар үшін әлемнің барлық елдерінің ең беделді университеттері мен колледждерінің есігі әрдайым ашық. Осы мақалада шетелдің жоғарғы оқу орындарында қандай бағдарламалар бойынша білім алуға болатындығы туралы ақпарат берілген. Өз қалауыңыз бен қызығушылығыңызға сай келетін бағдарламаны таңдау аса маңызды.

Білім саласы бойынша халықаралық шарттар шеңберінде қандай елдерде білім алуға болады?

Мажарстан, Қытай, Польша, Украина, Вьетнам, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Мысыр, Моңғолия, Латвия, Өзбекстан.

Қандай бағдарламалар бойынша үміткерлерге іріктеу жүргізіліп жатыр?

  1. бакалавриат;    
  2. магистратура;
  3. докторантура.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы қай жерден білуге болады?

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ дипломатиялық нотаны алған күннен бастап Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеу бойынша құжаттарды қабылдау басталғаны туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өздерінің ресми сайттарында хабарландыруды орналастырады.

Жасалған шарттар мен келісімдердің шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысудың шарттары мыналар:

білімі туралы құжаттың орташа балы:
  • бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестаттың немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табельдің/транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы дипломның орташа балы кемінде 4,0 (5,0-ден) балына сәйкес болуы;
  • магистр дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа балы кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен) балына сәйкес болуы;
  • философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға үміткерлер үшін – магистр дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа балы кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен) балына сәйкес болуы;
  • ағымдағы үлгерімі туралы анықтамаларды ұсынатын үміткерлер үшін – ағымдағы үлгерімінің орташа балы тиісінше жоғарыда көрсетілген балдарға сәйкес болуы.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелде оқуға үміткерлердің конкурстық іріктеуге қатысуы үшін келесі құжаттар пакетін ұсынады:
  1. осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге шығатын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;
  2. жеке куәлігі және/немесе төлқұжатының тұпнұсқасы мен көшірмесі, түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
  3. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі, түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады).
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасымен бірге аттестат немесе қосымшасымен бірге негізгі орта білімі туралы куәлік, табель немесе орта арнайы білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге оқу орнынан анықтама немесе қосымшасымен арнайы орта білімі туралы диплом;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
 қосымшасымен бірге бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасымен бірге магистр дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Шетелдік білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда, білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
  1. түпнұсқасын сәйкестендіру үшін ұсына отырып оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша) бар болған жағдайда. Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
  2. таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);
  3. құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат;
  4. заңды өкiлдің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) шетелге оқуға жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  5. осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады): 
  • жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасы жоқ екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • бала жасынан мүгедек және мүгедек балалар – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелді) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
  • көп балалы отбасылардан шыққан балалар – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмелері;
  1. шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы шақыруының көшірмесі бар болған жағдайда мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса.

Жеке әңгімелесу өткізу арқылы, оның ішінде онлайн әңгімелесу, білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шет елде оқуға үміткерледі іріктеуді Конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде (келесі ретпен):
  1. жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 082/у нысан бойынша медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар;
  3. көп балалы отбасылар балалары;
  4. шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие;
  5. шетелдік ЖЖОКБҰ-дан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алушылар
Шетелге оқуға ұсынылатын үміткерлер тізімі және резервтік тізім Конкурстық комиссия отырысы өткеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде Білім беру саласындағы уәкілетті органның және Әкімшінің интернет-ресурстарында орналастырылады

Сіз білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде грант иегері атандыңыз ба?

Сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен шарт жасасу қажет.
Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде оқуға жіберілген адамдар жыл сайынғы негізде Әкімшіге транскриптіні ұсыну арқылы оқуының академиялық кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды.

314

Возврат к списку