Жастарға арналған мүмкіндіктер
Денсаулық
Қазақстандағы балалар мен ересектерге арналған екпелер

Қазақстандағы балалар мен ересектерге арналған екпелер

Қазақстандағы балалар мен ересектерге арналған екпелер

Алдын алу шараларының кешені ретінде профилактика көптеген аурулардың пайда болуына жол бермейді. Бірқатар кеселдерден вакциналау арқылы қорғануға болады. Бұл жағдайдағы ең бастысы – қай кезде қандай екпелерді салу керектігін білу. Екпелердің дүркінділігі, ықтимал жанама әсерлер және екпелерден бас тарту кезіндегі қауіп туралы осы материалдан біле аласыздар.

Ең әуелі белгілі бір тұрғындар тобына (төменде көрсетілген) арналған  міндетті екпелердің барлығының жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін салынатынын білгеніңіз жөн.

Жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егу төмендегі тұрғындар тобына жүргізіледі:

  • жасы профилактикалық егуді жүргізудің белгіленген мерзіміне сәйкес тұлғалар (екпе күнтізбесі бойынша);
  • жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында тұратын, жұмыс істейтін тұрғындар (көктемгі-жаздық кене энцефалиті, түйнеме, туляремия, оба);
  • кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер тобына жататын тұлғалар:
    • медицина қызметкерлері («В» вирусты гепатиті, тұмау);
    • кәріз және тазарту қондырғыларының қызметкерлері (іш сүзегі);
  • өзінің денсаулық жағдайына байланысты қатер тобына жататын тұлғалар:
    • ағзасына қан құйылған ( «В» вирусты гепатиті);
    • медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);
  • медицина қызметкерлері,балалар үйінің, сәбилер үйінің балалары, қарттар үйінің тұрғындары (тұмау);
  • кез келген жануардың қабуына, түкірік шашуына душар болған тұлғалар (құтыру);
  • тері жабындары мен шырышты қабықтардың бүтіндігінің бұзылуына байланысты жарақат, зақым алған тұлғалар (сіреспе);
  • жұқпалы ауруларға шалдығу деңгейі жоғары аймақтарда тұратын тұлғалар; оларды вакциналау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі ( «А» вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, індетті паротит).

Ересектерге арналған екпелер

Екпелердің көптеген бөлігін бала кезде алу керектігі баршамызға мәлім.  Егер белгілі бір себептермен 16 жасқа дейін егілмеген болсаңыз, оны қазір жасауға еш кедергі жоқ.  Ересектерге көбіне-көп қызылшаға, паротитке, қызамыққа, А және В гепатиттеріне, дифтерияға, сіреспеге және полиемелитке қарсы вакциналану ұсынылады. Аталған кеселдерге қарсы егуді белгілі бір мерзімділікпен алу керек.

Кейбір екпелерді басқаларымен бір күнде салғызуға болады. Егер де ағзаңызды вакциналауды ойлаған болсаңыз, онда ересектерге арнап кеңес етілген профилактикалық екпелер күнтізбесін қадағалап отырғаныңыз жөн.  

Бұған қоса, саяхатшылар мен қандай да бір жағдайларға байланысты жануарларға қатысы бар адамдарға басқа екпелер жасалуы керектігін айта кеткен орынды.

Қосымша нақты қандай екпелер жасату керектігі туралы шешім дәрігермен бірге қабылданады.  

Материалды аяқтай келе, егу шараларының маңыздылығы жайлы  мынадай статистика арқылы айтқымыз келеді: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, полиомиелитке, сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге, қызылшаға және эпидемиялық паротитке (шошқаборыққа) қарсы жоспарлы иммундау жыл сайын әлемдегі 3 миллион баланың өмірі мен денсаулығын құтқарады. Болжам бойынша, алдағы 5-10 жыл ішінде әзірленетін жаңа вакциналар көмегімен жылына тағы 8 миллион баланың өмірін құтқарып қалуға болады.

225

Возврат к списку