Жастарға арналған мүмкіндіктер
Денсаулық
Үйге учаскелік дәрігерді шақыру

Үйге учаскелік дәрігерді шақыру

Үйге учаскелік дәрігерді шақыру

Учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін, Сізге үйде қызмет көрсету құқығымен емханаға тіркелу қажет.

Егер денсаулығыңызға байланысты емханаға қабылдауға келе алмасаңыз, Сіз учаскелік дәрігерді үйге шақыруға құқығыңыз бар.

Сіз учаскелік дәрігерді үйге келесі арқылы шақыра аласыз:

Дәрігерді үйге шақыру тәсілдері

egov.kz сайт арқылы дәрігерді шақыру

  1. порталда тіркелу немесе авторлану;
  2. «денсаулық сақтау» бетбелгісін таңдап, «дәрігерді үйге шақыру» қызметін таңдаңыз;
  3. электрондық сұрау салу жолдарын толтыру.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 минуттан аспайды.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: қабылдау күні мен уақыты туралы хабарлама, емхананың атауы, дәрігердің Т.А.Ә.

*Тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға тіркелу қажет, олай болмаған жағдайда Қызмет көрсетуден бас тартылады. сайтына жылдам кіру сілтемесі

Қызметті алуға сілтеме: https://egov.kz/cms/kz/services/health_care/496pass_mz

Емхананың тіркеу бөлімі арқылы дәрігерді шақыру

Бұл үшін Сізге:

  • емхананың тіркеу бөліміне көрінуіңіз керек;
  • тұлғаны растайтын құжатты ұсынуыңыз керек.

Немесе:

  • емхананың тіркеу бөлімінің нөміріне қоңырау қағуыңыз керек;
  • тұрақты мекенжайыңызды айтуыңыз керек.

Қызмет көрсетудің мерзімі: 10 минуттан артық емес.

Қызмет көрсетудің cоңғы нәтижесі: емхананың дәрігерлерін шақыру туралы тіркелу журналында жазу және дәрігердің келуінің мезгілінің, уақыттының көрсетуімен бірге ауызша жауап.

«Damumed» қосымшасы арқылы дәрігерді шақыру

  1. қосымшаны Appstore және Playmarket арқылы жүктеп алыңыз;
  2. қосымшаға тіркелу немесе авторлану;
    *Барлық қызметтер «DamuMed» жүйесін пайдаланатын медициналық ұйымға тіркелген пациенттер үшін ғана қолжетімді болады.
  3. Өзіңізге немесе отбасы мүшелеріңізге дәрігерді шақырыңыз (қосымшаны пайдалану жөніндегі нұсқаулық: https://lkp-krg.dmed.kz/Help/Manual).
    *Туыстықты растай отырып, отбасы мүшелерін байланыстыру үшін алдымен аурухананың тіркеу бөліміне хабарласу керек.
2721

Возврат к списку