Жастарға арналған мүмкіндіктер
Денсаулық
Емханаға қалай есепке тұруға болады (емханаға тіркелу)?

Емханаға қалай есепке тұруға болады (емханаға тіркелу)?

Емханаға қалай есепке тұруға болады (емханаға тіркелу)?

Құқықтық негіз

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы: http://https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100024094

ҚР емханаға тіркелу қағидасы

Қазақстан Республикасының емханаларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу бойынша дайындық іс-шаралары шеңберінде тіркелу кампаниясы өтуде. Сіз МӘМС жүйесіне қатысу шарттары, жарналар мөлшері және төлем схемасы туралы барлық ақпаратты өзіңіздің емханаңыздан - тіркеу бөліміне немесе өз учаскеңіздегі медицина қызметкеріне жүгіну арқылы ала аласыз.

ҚР емханаларының байланыстары: https://egov.kz/cms/ru/articles/health_care/kont_polik

Тiркелудi өзгерту мүмкін:

  • басқа елді мекенге көшкен кезде;
  • емхананы қайта ұйымдастыру және жабу жағдайында;
  • емхананы еркін таңдау кезінде жылына бір реттен жиі емес;
  • бекіту кампаниясы кезеңінде (жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін).

Білу маңызды! Төтенше жағдайларда Сіз кез-келген емханаға тіркелмей-ақ, қызмет ала аласыз.

Емханаға тіркелу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1. Өз статусын нақтылау:

  • жалдамалы жұмысшы;
  • жеке кәсіпкер;
  • зейнеткер;
  • студент және т. б.

egov.kz сайтына жылдам кіру сілтемесі: https://egov.kz/cms/kk/articles/2Fvybor_polikliniki

2. Емхананы таңдау
(Тұрғылықты жеріңіз бойынша емхананы таңдай аласыз)

Әр науқас тегін медициналық көмек туралы кепілдікті орындайтын мемлекеттік емханалар мен жеке медициналық ұйымдар тізімінен тіркелген медициналық ұйымды (емхананы) таңдауға құқылы.

3. Таңдалған емханаға тіркелу келесi арқылы жүзеге асырылады:

  • таңдалған емхананың тіркеу орны арқылы;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы;
  • «ҚР электрондық үкімет» порталы арқылы: https://egov.kz/cms/kz/services/health_care/494pass_mz

Білу маңызды! Сіз тек бір емханаға тіркеле ала аласыз, жүйе Сізді алдыңғы тіркелген емханадан автоматты түрде босатады. 

Емханаға тіркелу тәсілдері

Тәсіл

Ол үшін қажет:

1

Емхананың тіркеу бөліміне жүгіну

  • бас дәрігердің атына өз қолыңызбен өтініш жазыңыз.

Өзімен бірге болу:

  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе паспорт).

Бекітуді өңдеу мерзімі:
тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.

2

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жүгіну

-ХҚКО-да емханаға тіркелуге өтінімдi беру.

Өзімен бірге болу:

  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе паспорт).

Бекітуді өңдеу мерзімі:
1 жұмыс күні.

3

Онлайн-режимде http://egov.kz «ҚР электрондық үкіметі» порталы арқылы (үйден шықпай-ақ)

 «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтың деректерін көрсете отырып, электрондық құжат нысанында сұрау салу: https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/494pass_mz

Өзімен бірге болу:

  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе паспорт).

Бекітуді өңдеу мерзімі:
1 жұмыс күні.

egov.kz портал арқылы онлайн режимде емханаға тіркелудің қысқаша нұсқаулығы

Әрекет

Жылдам қол жеткізу үшін сайттың беттіне сілтеме

1

egov.kz сайттың басты бетіндегі «Денсаулық сақтау» тарауын таңдаңыз

https://egov.kz/cms/ru/categories/health_care

3

«Медициналық көмек» қосымша бетінде «алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметіне басыңыз.

https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/494pass_mz

4

«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз»

https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/494pass_mz

5

Емханаға тіркелу сұранысын жіберу үшін жасыл белгімен* белгіленген барлық тармақтарды толтыру қажет

https://idp.egov.kz/idp/sign-in

6

Сұранысты сәтті жібергеннен кейін сіз «сұраным өңделуде» күйін көресіз

https://idp.egov.kz/idp/sign-in

Азаматтың емханаға тіркелуі туралы қосымша сұрақтар үшін Call-орталықтары:

  1. Облыстық call-орталықтары
    • 109
  2. http://egov.kz электрондық үкімет порталы
    • Бірыңғай байланыс орталығы (тегін) - 1414;
    • (шетелдік қоңыраулар үшін қоңырау ақылы, интернет арқылы тегін) +7 7172 701 998
  3. Аумақтық емханалардың тіркеу орны

Жиі қойылатын сұрақтар:

1. Мен емханаға жалғыз барып, өз отбасымның мүшелерін қоса аламын ба?

Ия, егер бұл ересек отбасы мүшелері болса. Ол үшін Сізге емханаға емхананың бас дәрігерінің атына жазбаша түрде тіркелуге өтініш, сондай-ақ тіркелетін отбасы мүшелерінің жеке куәлігін ұсыну қажет. Егер Сіздің жасыңыз 18 жастан төмен болса, онда тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің (ата-анасы немесе қамқоршылары) жеке басын куәландыратын құжат болған кезде тіркелуге болады.

2. Мен екі және одан да көп емханаларға тіркеле аламын ба?

Жоқ, азамат бір ғана емханаға тіркеле алады.

3. Егер мен басқа емханаға тіркелсем, онда медициналық қызметтерді қашан ала бастаймын?

Бірден, бекіту басталғаннан кейін.

 

3143

Возврат к списку