Жастарға арналған мүмкіндіктер
Денсаулық
Дәрігерге қалай тексерілуге болады?

Дәрігерге қалай тексерілуге болады?

Дәрігерге қалай тексерілуге болады?

Сіз емханаға тіркелу кезеңінен сәтті өткен соң, қажетті медициналық қызметтерді ала аласыз, оның ішінде: дәрігердің қарауында болу. Ол үшін дәрігерге (учаскелік терапевтке) жазылу қажет.

Дәрігердің қабылдауына жазылу тәсілдері

www.egov.kz сайт арқылы жазылу

  1. Порталда тіркелу немесе авторизациядан өту;
  2. «Денсаулық сақтау» қосымша бетін таңдау және одан әрі «дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметін таңдау керек;
  3. электрондық сұрау салу жолдарын толтыру.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 минуттан аспайды.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: қабылдау күні мен уақыты туралы хабарлама, емхананың атауы, дәрігердің Т.А. Ә.

*Тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға тіркелу қажет, олай болмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылады.

Қызметті алуға жылдам қол жеткізу сілтемесі: https://egov.kz/cms/kk/services/495pass_mz?mobile=no

Емхананың тіркеу бөлімі арқылы жазылу

  1. емхананың тіркеу бөліміне жүгіну;
  2. жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

Немесе:

  1. емхананың тіркеу бөлімінің нөміріне қоңырау шалу (ҚР емханаларының байланыстары: https://egov.kz/cms/kz/articles/health_care/kont_polik );
  2. тұрғылықты мекен-жайын атаңыз.

Қызмет көрсету мерзімі: 10 минуттан аспайды.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: емхананың дәрігерлерін шақыруды тіркеу журналына жазу және дәрігерге бару күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру

«Damumed» қосымшасы арқылы жазылу

  1. қосымшаны Appstore және Playmarket арқылы жүктеп алыңыз;
  2. қосымшаға тіркелу немесе авторлану;
    Барлық қызметтер «DamuMed» жүйесін пайдаланатын медициналық ұйымға тіркелген пациенттер үшін ғана қолжетімді болады.
  3. дәрігерге жазылу (қосымшаны пайдалану жөніндегі нұсқаулық: https://lkp-krg.dmed.kz/Help/Manual)
1610

Возврат к списку