Жастарға арналған мүмкіндіктер
Отбасы
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз

Мәселенің құқықтық негізі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қайда жүгінуге болады (жағдай түрлерiне байланысты нұсқалар)

  1. 102 телефоны бойынша полицияға зорлық-зомбылық туралы ауызша өтінішпен.
  2. www.qamqor.gov.kz портал арқылы онлайн өтініш беруге болады.
  3. 103 нөмірі бойынша жарақат алған жағдайда жедел жәрдем шақыру және полиция қызметкерінен сот-медициналық куәландыруға жолдама алу қажет.
  4. 150 нөміріне балаларға, жастарға және зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін ұлттық сенім телефон желісіне қоңырау шалуға болады. Сайтта сұрақ қоюға болады: www.telefon150.kz немесе анонимді +7 708 10 60 810 - WhatsApp нөмірі бойынша хабарласуға болады.
1622

Возврат к списку