Жастарға арналған мүмкіндіктер
Отбасы
Некеге қалай тұруға болады?

Некеге қалай тұруға болады?

Некеге қалай тұруға болады?

Қазақстанда некені тіркеу үрдісi

Некені тіркеудің негізгі шарттары

  1. Некеге тұратын еркек пен әйелдің толық келісімі және олардың неке жасына, яғни 18 жасқа жетуі қажет.
  2. Келесі адамдар арасында неке қиюға жол берілмейді:
    • бір жыныстағы адамдар;
    • біреуі басқа некеде тұрған адамдар;
    • жақын туыстары;
    • бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар және олардың балалары;
    • заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға.
  3. Неке қиюды тіркеу өтініш берілген күннен бастап 15 күн өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
  4. Неке қиюды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар бірлескен жазбаша өтініш негізінде жүргізеді.

Некені тiркеушi орган?

Болашақ ерлі-зайыптылар тіркеуші органға бірге келуі тиіс. Тіркеуші орган – бұл азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган, қалың бұқара оны АХАТ немесе АХАЖ деп атайды.

ҚР Жергілікті атқарушы органдарының АХАТ(АХАЖ) бөлімдерімен байланыс: https://egov.kz/cms/kk/articles/contacts_csro

Некені тіркеу әдістері

egov.kz сайт арқылы

Негізгі шарттар: 18 жасқа толған, алғаш рет некеге тұрған және балалары жоқ жұптар (ҚР азаматтары).

Бұл үшін:

  • жұбайлардың екеуі де ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алады, өйткені некені тіркеу кезінде сіздің жұбайыңыз некенің тіркелуіне келісімін ЭЦҚ арқылы порталда растауы қажет;
  • авторлану және өтініш беру;
  • Банк картасының көмегімен 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баж төлеу қажет. Алдымен сізге қызмет көрсететін банкке хабарласып, картаңыз интернет төлемдер жасауға жарай ма, жоқ па біліп алуға, қажет болған жағдайда бұл қызметті қосуға кеңес береміз.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: АХАТ органдарында некені тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама алу Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: АХАТ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Өтінімді электронды форматта беру үшін мына сілтеме арқылы өтуге болады: https://egov.kz/cms/kk/services/marital_status/e_027

АХАТ(АХАЖ) бөлімінде

Негізгі шарттар: өтінішті 18 жасқа толған барлық жұптар бере алады.

Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • некеге тұру туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін);
  • 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны жайында қолхат беріледі. Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

2978

Возврат к списку