Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жастар кәсіпкерлігі
Жастарға арналған 2,5%-дық несие

Жастарға арналған 2,5%-дық несие

Жастарға арналған 2,5%-дық несие

Бағдарлама 21-35 жас аралығындағы жастарға арналған.

Микрокредит шарттары қандай?

• Несие бағдарламасына тіркелгеніне әлі 5 жыл толмаған жеке кәсібі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі.
• Несиенің ең жоғары сомасы – 5 млн теңге (кепіл қою міндетті).
• Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
• Кредиттеу мерзімі мал шаруашылығына – 7 жыл, өзге кез-келген мақсат үшін – 5 жыл.



Өтінімдер қашан қабылданады?

• Құжаттарды 2023 жылғы наурыз айынан бастап қабылдау жоспарланған. Нақты уақыты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
• Микрокредитке құжаттарды тапсыру, оны қарастыру, комиссия қарауына шығару мерзімдері арнайы бұйрықпен реттелген.


Кредитті қандай мақсатта алуға болады?

• 2,5%-дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында беріледі.
• Сала бойынша шектеу қойылмаған, яғни басым бағыттар бекітілмеген.
• Конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобалары микрокредит ала алады.

Кұжаттарды қайда өткізеді және ол қалай қаралады?

• Микрокредит алуға ниетті адам құжат қабылдау науқаны басталған соң "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жергілікті филиалдарының біріне жүгінуі керек. Үміткер оған қажет құжаттарды (құжаттар тізімі – келесі бөлімде) ұсынады.
• Аграрлық несие корпорациясы құжаттарды өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тексереді. Құжаттар мен ондағы мәліметтер микрокредиттеу шарттарына сай келмесе, себебін көрсете отырып құжаттарды иесіне қайтарады.
• Өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде құжаттар мен бизнес жобаға бағалау жүргізіледі.
• Бизнес жобаны бағалаудан кейін 3 жұмыс күні ішінде нәтижесін конкурс комиссиясына ұсыну үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.
• Бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы айына ең кемі бір рет өткізіледі.
• Үздік бизнес жоба иелері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен және Аграрлық несие корпорациясымен микрокредит беру туралы шартқа және кепіл шартына қол қояды.
• Кепіл шартын уәкілетті орган тіркегеннен кейін Аграрлық несие корпорациясы 5 жұмыс күні ішінде үміткердің шотына микрокредит сомасын аударады.



Қандай құжаттар талап етіледі?

Микрокредит алуға үміткер келесі құжаттарды Аграрлық несие корпорациясына ұсынады:

• Микрокредит алуға сауалнама-өтініш;
• Жеке басты куәландыратын құжат;
• Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі;
• Субъектінің мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, БАҚ-қа берілген микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалу-орындалмауы туралы барлық мәліметті беруге және алуға келісімі;
• Бизнес-жоспар;
• Қарыз алушының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі;
• Агенттің ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі;
• Қызмет көрсететін банктен шоттың бар екені туралы анықтама;
• Несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болса);
• Қарыз алушының жалақысын, өзге де кірістерін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорының үзінді көшірмесі);
• Бағалау туралы есеп;
• Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

1, 3 және 4-нөмірдегі құжаттар кредитордың қатысуымен толтырылады.


Бизнес жобалар қалай бағаланады?
Бизнес жобаларды іріктеу критерийлері:

• өзектілік;
• аргументтілік;
• экономикалық негіздемелік;
• қоғамдық маңыздылық;
• бұрын атқарылған жұмыстардың, іс-қимыл жоспарының болуы;
• бизнес-жобаның өміршеңдігі.
20.08.2023 491

Возврат к списку