Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жастар кәсіпкерлігі
«Бастау Бизнес» кәсіп әлеміне бастар жол

«Бастау Бизнес» кәсіп әлеміне бастар жол

«Бастау Бизнес» - начало пути в мир предпринимательства

«Бастау Бизнес» кәсіп әлеміне бастар жол

Кәсіп бастау қиын емес. Егер «Бастау Бизнеспен» бастасаңыз.


«Бастау Бизнес» жобасы жеке әлеуметтік санаттарға жататын жас кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.


❓ Қалай оқуға болады?

Алдымен business.enbek.kz порталында тіркелесіз.


Сосын өзіңізді мемлекеттік гранттар беру шарттарына сәйкестігіңізді тексересіз.


 Енді оқуға кіріссеңіз болады.

• Оқу кезеңі 12 модульден тұрады.

• Әрбір модуль аяқталғаннан кейін аралық тестілеу өткізіледі.

• Барлық модульды сәтті аяқтағаннан кейін сізге қорытынды тестілеуді тапсыру қажет.

• Қорытынды тестілеуден жақсы өтсеңіз, оқуды аяқтағаны туралы сертификатқа ие боласыз.

• Сосын өзіңіздің бизнес-жобаңызды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алуға өтініш берсеңіз болады.


«Бастау Бизнес» жобасымен оқу тегін және барлық сабақтар онлайн өтеді.



29.05.2023 549

Возврат к списку