Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жұмысқа орналасу
Кәсіби біліктілікті қалай алуға немесе арттыруға болады?

Кәсіби біліктілікті қалай алуға немесе арттыруға болады?

Кәсіби біліктілікті қалай алуға немесе арттыруға болады?

Құқықтық негіз

  1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35224846#activate_doc=2
  2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000746
  3. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»(«Серпін»): http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019415

Кім қатыса алады?

Кәсіптік оқыту келесі азамат категорияларына жүзеге асырылады:

  1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға;
  2. жұмыссыздарға;
  3. еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтарға.

Кәсіптік оқытуды нені қамтиды?

Кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

Жастар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жылдам қол жеткізуге сілтеме: https://www.enbek.kz/docs/kk/feature-articles/933

Қатысу үшін қайда жүгіну керек?

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының байланыс ақпараты: https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts

Қаржылық қамтамасыз ету

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін азаматтар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Тұрақты тұратын елді мекендерден тыс жерлерде оқитын тұлғалар үшін тұруға материалдық көмек (тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеу) көзделеді.

Оқу ұзақтығы

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы кәсіптің (мамандықтың) ерекшеліктеріне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.

Қатысуға қажетті құжаттар

Кәсіптік оқытуға жіберу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. еңбек кітапшасы (бар болса);
  4. білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат - бар болса);
  5. денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының 086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
1812

Возврат к списку