Уфада өткен форумда Қазақстан мен Ресейдің жас кәсіпкерлері бизнес-идеяларды талқылады
Башқұртстан астанасы Уфа қаласында «Ресей мен Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігі: тәжірибе алмасу және әріптестік келешегі» атты жас лидерлер форумы өтті. Бұл кездесу Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың ХХ форумы аясында ұйымдастырылды. Форумға 300-ден астам адам қатысты.
Іс-шара мақсаты – екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, жас кәсіпкерлер қауымдастығын құру және жаңа іскерлік мәдениетті қалыптастыру.
Екі елдің жас кәсіпкерлері бірлескен жобаларды, ғылыми-білім беру бағдарламаларын талқылап, табысты әдістер мен кейстерді бөлісті. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын талқылауға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ форум аясында студенттік стартаптарды талдау және дәстүрлер негізінде заманауи бизнес тұжырымдамаларын қарастыруға арналған жеке сессиялар өтті.
Форумның соңы стратегиялық сессиямен қорытындыланды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі