Жаңалықтар
Алматыда «Жастар Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін» форумы өтіп жатыр

Алматыда «Жастар Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін» форумы өтіп жатыр

Форум «Молодежь за устойчивое будущее Центральной Азии» проходит в Алматы

Алматыда «Жастар Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін» форумы өтіп жатыр

Алматыда ҚР МАМ қолдауымен «Жастар Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін» халықаралық форумы өтуде. Іс-шара БҰҰДБ-ның «Орталық Азиядағы зорлықшыл экстремизмінің алдын алу мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың тұрақтылығын нығайту» өңірлік жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан өкілдері, сондай-ақ Жапония мен Швейцариядан келген БҰҰ сарапшылары қатысады.

Форум тәжірибе алмасуға, жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға, сонымен қатар қазіргі жастардың құқықтары мен қажеттіліктерінің жағдайы туралы ақпарат беруге бағытталған. Жұмыс барысында өңірлік ынтымақтастық үшін негізгі басымдықтар айқындалатын болады.

Форум аясында Орталық Азия елдерінде жастарды дамыту және оларды жұмыспен қамту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, діни қызметкерлер мен құрылымдар өкілдері өз ойын ортаға салады.

28.10.2024

Возврат к списку