Жаңалықтар
Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы туралы ақпараттық анықтама

Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы туралы ақпараттық анықтама

Информационная справка о Центре гражданских инициатив Астаны

Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы туралы ақпараттық анықтама

Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы – бұл азаматтық бастамаларды және қоғамдық ұйымдарды (ҮЕҰ) қолдауға және дамытуға бағытталған алаң. Орталықтың басты мақсаты – қоғам өмірін жақсартуға және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға көмектесу.

Негізгі ақпарат:

  • Орталықтың жұмыс бастаған жылы: 2022
  • Тапсырыс беруші: Астана қаласы әкімдігінің "Ішкі саясат басқармасы" ММ
  • Орындаушы: «КАМЕДА» қоғамдық қоры
  • Іс-шаралар өтетін орын: Астана қаласы
  • Жобаны жүзеге асыру кезеңі: 2022-2024 жылдар
  • Орталықтың мақсаты: Азаматтық қоғам институттарын дамыту, ҮЕҰ-дың жұмысын үйлестіру және мемлекеттік, бизнес секторларымен тең құқылы әріптестікке қажетті жағдай жасау.

Орталықтың негізгі қызмет бағыттары:

  1. Іс-шараларды ұйымдастыру:
    • ҮЕҰ өкілдері мен белсенділерге арналған семинарлар, тренингтер, вебинарлар өткізу.
    • Орталық жыл сайын қаржылық, заң, фандрайзинг және жобаларды басқару салаларында білім мен дағдыларды арттыру үшін кемінде 4 тренинг және 5 онлайн-вебинар ұйымдастырады.
    • Әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру мәселелерін талқылау үшін бизнес өкілдерімен кездесулер өткізу.
  2. Консультациялық қызметтер:
    • Фандрайзинг, краудфандинг, институционалдық, заңдық және қаржылық қолдау бойынша ҮЕҰ мен белсенділерге кеңес беру.
    • Жылына кемінде 700 кеңес беру, офлайн және онлайн форматтарда өткізіледі.
  3. Ақпараттық қолдау:
    • Азаматтық бастамалар орталығының және Астана қаласының азаматтық секторының қызметін әлеуметтік желілерде (@elordanpo.kz) және орталықтың сайтында (https://civilcenterelorda.kz) жариялау. Мұнда ҮЕҰ-ның сәтті жобалары, заңнамалардағы өзгерістер туралы, азаматтық белсенділерге, ҮЕҰдарға жаңа мүмкіндіктер, жаңалықтар тұрақты түрде жарияланады.
    • Жыл сайын ҮЕҰ мен белсенді азаматтар туралы кемінде 3 бейнеролик шығарылады.
  4. Материалдық қолдау:
    • Әлеуметтік жобалармен жұмыс істеу үшін Орталық 2 компьютер, 1 принтер және интернетке тегін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
    • Тренингтер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және тағы да басқа іс-шаралар өткізу үшін зал да тегін беріледі.
  5. Анықтамалық қызмет:
    • Астана қаласының ҮЕҰ-лары туралы мәліметтер жинақталған анықтамалықты жаңартып, оны электрондық және баспа түрінде мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптарға таратады.

Орталықтың қосымша міндеттері:

  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға мониторинг жүргізу және бағалау.
  • Азаматтық бастамаларды, жобаларды, ұсыныстарды жинау және оларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесе іске асыруға көмектесу.

Байланыс:

Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы – бұл азаматтық идеяларға қолдау көрсетіп, әлеуметтік жобаларға табысқа жету мүмкіндігін беретін орын.


26.09.2024

Возврат к списку