Жаңалықтар
Қошқарбаев пен Нұрмағамбетовтің мерейтойына арналған саптық ән байқауына 350-ге жуық адам қатысты

Қошқарбаев пен Нұрмағамбетовтің мерейтойына арналған саптық ән байқауына 350-ге жуық адам қатысты

Посвященный юбилеям Р. Кошкарбаева и С. Нурмагамбетова смотр-конкурс строя и песни прошел в Кокшетау

Қошқарбаев пен Нұрмағамбетовтің мерейтойына арналған саптық ән байқауына 350-ге жуық адам қатысты

Ақмола облысында Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар сериясы басталды. Осыған орай ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында облыстық саптық әндер байқауы өтті.

Аймақ басшысы Марат Ахметжанов шараға қатысушыларды Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен құттықтап, жас ұландарға туған елін, оның тарихын құрметтеуге шақырды, сондай-ақ, Отанға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.

«Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында мектептер мен колледждердің оқушылары арасында саптық ән байқауларын өткізу дәстүрге айналды. Бұл жай ғана байқау емес, сіздердің ұйымшылдық, үйлесімділік және командада жұмыс істеу білу қабілеттеріңіздің жарқын көрсеткіші. Әрине, осындай іс-шаралардың арқасында өскелең ұрпақтың үлкендерге деген құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері оянады. Біздің жерлес батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаев отансүйгіштік мен батырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Әрбір қазақстандықтың осы құндылықтарды біліп, сақтауы тиіс», - деді М. Ахметжанов.

Байқауға Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасынан 19 команда қатысты. Оның ішінде 5 команда болып қыздар шықты.
Іс-шарада қатысушылар саптық дайындықтың шеберлігін, командалық рухты, тәртіпті көрсетті, саптық әнді орындады.

«Бүгін облыстық байқауға 350-ге жуық адам қатысты. Байқау жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді», - деді ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысы бойынша Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жасөспірімдер командасы бірінші орын алса, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің командасы екінші, ал, Щучье қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің жігіттері үшінші орыннан көрінді.

Қыздар арасында Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің командасы ешкімге дес бермеді, екінші және үшінші орындарды Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қыздары мен жоғары техникалық колледжінің командалары өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификатпен және дипломмен марапатталды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында Отан қорғаушы және Жеңіс күндерін мерекелеу аясында бірқатар іс-шара өткізілетін жазған едік.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/koshkarbaev-pen-nurmagambetovtn-mereytoylarina-arnalgan-saptik-an-baykaui... 
05.05.2024

Возврат к списку