Жастардың 5,5 мың жобасы жеңілдетілген шағын несие алуға мақұлданды. Оның мөлшері 5 млн теңгеге дейін.
⠀
Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (970), Жамбыл (786), Қызылорда (642) облыстары мен Шымкент (466) және Астана (456) қалаларынан түсті.
⠀
Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.
⠀
Сондай-ақ, микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.
Дереккөз:
https://www.instagram.com/p/C0tl3aTNzA4/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==