Бішкекте қазақ-қырғыз жастар форумы өтті
«Қазақ-Қырғыз жастар форумы» өз жұмысын аяқтады. Екі елдің жас көшбасшылары жастар саласының ынтымақтастығы мен дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
⠀
Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова, қоғам қайраткерлері, жастар және студенттік ұйымдар қатысты.
⠀
Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы сөз сөйлеп, қазақ пен қырғыз – ежелден іргесі бөлінбеген, тарихы мен тағдыры егіз ұлттар екендігін атап өтті.
⠀
«Тарихқа құрмет көрсетіп, жетістікке жігермен және адалдықпен ұмтылсаңыздар, сіздер алмайтын асу жоқ», - деді Мәулен Әшімбаев.
⠀
Форумның екінші күнін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ашып, қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуда жастардың алатын орны ерекше екенін тілге тиек етті.