Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында "Анаға тағзым" орталығы ел игілігіне табысталды. Рәсімде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін құттықтады.
Аналарымыздың құрметіне бой көтерген "Анаға тағзым" орталығы аймақ жұртшылығына атымтай жомарттығымен танымал, белгілі кәсіпкер Дүйсенбаев Марат Базарбайұлының 1,7 млрд. теңге демеушілігімен салынды. Өңір басшысы меценатқа Сыр жұртшылығы атынан алғыс айтып, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады. Іс-шарада ғимарат құрылысын жүргізген компания қызметкерлері де алғысқа бөленді.