Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі әзірленді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
«Ең бастысы, аттестациядан қағаз түріндегі портфолионы жинау алынып тасталғанын нақты айтуға болады. Тестілеу жүйесін қайта қарастыру мәселесі де ескерілген», – деді министр.
Ол жуық арада Ашық НҚА порталында жарияланады.