Жаңалықтар
Қазақстанда интернеттегі алаяқтық схемаларға қарсы “alayaq.net” жобасы жұмысын бастады

Қазақстанда интернеттегі алаяқтық схемаларға қарсы “alayaq.net” жобасы жұмысын бастады

Начал работу проект “alayaq.net” против мошеннических схем в интернете в Казахстане

Қазақстанда интернеттегі алаяқтық схемаларға қарсы “alayaq.net” жобасы жұмысын бастады

Елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен «Медицина жастары» РҚБ жүзеге асыратын «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысы» жобасын таныстыруға арналған дөңгелек үстел өтті.

Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ІІМ өкілдері, қоғам белсенділері және блогерлер қатысты.

“Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысы» жобасы – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернеттегі алаяқтықтың алдын алу, онымен күресте жастар мен мемлекеттік органдардың, банк секторының күшін жұмылдыруға бағытталған жоба. Дөңгелек үстелге қатысушылар мұндай жобаның аса өзекті әрі қоғамға дәл қазір қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы да таныстырылды. Мемлекеттік тілді кеңінен дәріптеуге, қазақша заманауи зияткерлік командалық ойындарды дамытуға, білімді жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бұл жобаны «Болашақ Қазақстанға» бірлестігі жүзеге асыруда.

Кездесу соңында қонақтар арасында онлайн форматтағы Aqyl Battle Cup зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
24.05.2023

Возврат к списку