Жаңалықтар
Жастар ресурстық орталықтары арасында байқау

Жастар ресурстық орталықтары арасында байқау

Конкурс среди молодежных ресурсных центров

Жастар ресурстық орталықтары арасында байқау

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы комитеті барлық деңгейдегі Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі – ЖРО) жыл сайынғы атқарлыған жұмыстардың республикалық деңгейде көрсету мақсатында eljastary.kz сайтында жариялауға шақырады.

ЖРО қызметкерлері өз қызмет шеңберінде іс-шаралар ұйымдастырып, атқарлған жұмыс туралы ақпаратты (фото, видео, пресс-релиз) «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығына jroaqb@eljastary.kz электрондық пошта арқылы (электрондық хабарламаның тақырыбында ЖРО атауы мен орындаушылардың байланыс телефондарын көрсетуді сұраймыз), айдың қорытындысы бойынша жіберу керек.

Соңымен қатар, ақпараттық науқанды жоғары деңгейде өткізу мақсатында ЖРО арасында байқау жариялауда. Үздік ЖРО қомақты сыйлықтармен марапатталатын болады.

Бағалау критерийлері

Конкурстық комиссия келесі бағалау критерийлеріне сәйкес іріктейтін болады:

Бағалау критерийлері

Бағалау салмағы,%

1.

Мәтіннің сәйкестігі мен сауаттылығы

30

2.

Текст сапасы (дәлдік, тазалық, шаблондардың болмауы)

30

3.

Берілген фото / бейне материалдың сапасы

10

4.

Орфографиялық нормаларды сақтау

10

5.

Берілген ақпараттың өзектілігі

20

 

Жиыны:

100

 Әрбір бағалау критерийі бес балдық шкала бойынша бағаланады (0- ден 5 баллға дейін).

Конкурстық комиссия мүшесінің әрбір жобалық өтінім бойынша қорытынды балы мынадай формула бойынша есептеледі:

Қорытынды балл = (a * 0,3) + (b * 0,3) + (c * 0,2) + (d * 0,1) + (f * 0,1), мұнда

a – «Мәтіннің сәйкестігі мен сауаттылығы» критерийі бойынша балл;

b – «Текст сапасы (дәлдік, тазалық, шаблондардың болмауы)» критерийі бойынша балл;

c – «Берілген фото / бейне материалдың сапасы» критерийі бойынша балл;

d – «Орфографиялық нормаларды сақтау» критерийі бойынша балл»;

f – «Берілген ақпараттың өзектілігі» критерийі бойынша

балл.

Жобаның жалпы балы Конкурстық комиссияның барлық мүшелері қойған қорытынды балдардың орташа арифметикалық сомасын құрайды.

Конкурс жеңімпаздары ең жоғары жалпы балл жинаған өтініш берушілер болады.

07.02.2023

Возврат к списку