Жаңалықтар
Оныншы «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасы таныстырылды

Оныншы «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасы таныстырылды

Презентован десятый Национальный доклад  «Молодежь Казахстана – 2022»

Оныншы «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасы таныстырылды

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен оныншы «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасын таныстырды.    Презентация барысында демография, денсаулық және бос уақыт,  білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, қауіпсіздік сияқты салаларда  жастарды дамытудың басты үрдістері, сондай-ақ мемлекеттік  жастар саясатын іске асыру талқыланды.

ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің Талдау және мониторинг басқармасының жетекшісі Ляззат Қаби «баяндамада келтірілген деректерді талдау және ұсыныстар стейкхолдерлерге жастармен жұмысты сапалы деңгейде жүзеге асыруға көмектесуі керек» деп атап көрсетті. Оның сөзінше, статистикалық және әлеуметтанулық деректерді синтездеу жастар ортасындағы ағымдағы жағдайды кеңірек және шынайы қарастыруға мүмкіндік береді. 

Өз кезегінде баяндаманың авторлар ұжымының мүшелері негізгі трендтер мен проблемалы мәселелерге назар аударды. Мәселен, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары хатшылығының директоры Бахытгүл Хамбар «қазіргі жастарды қолдау бағдарламалары жаһандық нарықтағы өзгерістерді және жастар жасын 35 жасқа дейін ұлғайтуды ескере отырып, толық қайта құруды қажет ететінін» атап өтті.

М. Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ Жоғары құқық мектебінің Қылмыстық сот төрелігі департаментінің профессоры Оксана Возняк  «биылғы баяндамада жастар қауіпсіздігінің маңызды мәселесі, әсіресе жастарға қарсы жасалған қылмыстарды бағалау және мониторингілеу көрсетілгенін» атап көрсетті.

Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ Саясаттану және әлеуметтану кафедрасының  ассистент-профессоры Анара Мақатова  «Қазақстан жастарының құндылықтары әлі де бейсаяси салада жатыр және азаматтық-саяси проблематикамен тікелей байланысты емес. Құндылық қатарында бірінші орындарда отбасы (83,3%), денсаулық (64,2%), достық (40,7%), материалдық қамтамасыз етілген өмір (39,3%), махаббат (22,8%), қызықты жұмыс, мамандық (19,6%) және білім, оқу-ағарту (19,5%) тұрақты орын алып отыр» деп айтты.

Жалпы алғанда, сарапшылар  «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы ел жастарының өмірдің түрлі саласындағы жағдайын құнды талдауын қамтитын маңызды құжат деген пікірге келісті. Сонымен қатар олар проблемалық мәселелерді уақытылы анықтау және жастармен бірлесіп, партисипативтілік қағидаты бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін жастардың әл-ауқатын зерттеуді жалғастыру қажет екенін атап өтті.

14.12.2022

Возврат к списку