Жаңалықтар
«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Асан Жолдасов

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Асан Жолдасов

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Асан Жолдасов

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Асан Жолдасов

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген 29 жастағы дарынды математик Асан Жолдасов – «Пифагор» қосымша білім беру мектебінің негізін қалаған жас маман.

Бұл білім шаңырағында оқығандар бүгінде математика пәні бойынша халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар алып жүр.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Асан Жолдасов туралы мәліметтерді «Пифагор» мектебі оқушыларының ата-аналары жіберіпті. Өзге пәндерден гөрі математиканы сүйіп оқыған Асан бала күнінде алғашқы олимпиада жарыстарында жолы болмапты. «Жеңгенімнен жеңілгенім көп болды», – дейді ол. Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебіне де, бірінші сынақтан түсе алмай, кейін олимпиада жеңімпазы болып оқуға қабылданады. Кейін ол бірнеше халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың алтын, күміс жүлдегері атанады.

Асан Жолдасов, «Пифагор» қосымша білім беру мектебінің негізін қалаушы:

- «Пифагор» мектебін ашқан кезде, 19 жасымда қатты максималист болатынмын. Сол максималистік мінезім өз өмірімде болған қиыншылықтарды, жеңілістерді жеңе біліп үйренгеннен кейін, сол жеңе білуді балаларға да үйреткім келді. Екіншіден, мақсатым – білім арқылы, білім беру арқылы, Қазақстанға жақсы нәтиже алып келу.

Асан Жолдасов – ІТ-саласының маманы. Бірақ ол ұстаз болуды таңдапты. Жас математиктің есебі бойынша, ол бір сағатта жүздеген баланың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, жеңіске жетуіне ықпал ете алады.

Гүлжайна Мәдібекова, «Пифагор» қосымша білім беру мектебінің атқарушы директоры:

- Асан Кенжеғазыұлы – өте еңбекқор адам. Оның ең жақсы қасиеті, ол адамның бойынан әлеует көретін болса, осы адамда бір нәрсе бар-ау, ол оқушы болсын, ол қызметкер болсын, ол сол адамды өсіру үшін бәрін жасайды.

Асан Жолдасовтың алдағы мақсаты – еліміздегі математика ғылымын әлемдік деңгейге көтеруге өз үлесін қосу.

Авторлары: Алуа Маханбет, Мұхит Құдықбаев


20.02.2019

Возврат к списку