Жаңалықтар
Жас таланттарға жол ашады

Жас таланттарға жол ашады

Жас таланттарға жол ашады

Жас таланттарға жол ашады

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесіп, «The Planet of ART – 2019» халықаралық байқауын өткізеді.

Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстанның 12-17 жас аралығындағы жатыр қатыса алады.

Вокалдық, аспаптық, хореографиялық шеберлік сынға түседі. Жеңімпаз мәдениет саласының бірегей тұлғаларынан тәжірибе алуға мүмкіндік алады. ЮНЕСКО клубтары қозғалысы 1947 жылы Жапонияда құрылған. Қазіргі уақытта әлемнің 100-ден астам мемлекетіне тараған.

Ал Қазақстанда Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы 2009 жылдың сәуірінде құрылған. Жыл сайын федерацияның мәдени, шығармашылық, білім беру саласындағы жобаларына тек Қазақстан емес, Азия-Тынық мұхиты аймағының 45 000 астам өкілі қатысады.

«The Planet of ART – 2019» байқауы федерацияның 10 жылдығы мен Жастар жылына арналуда. Мақсат – жас орындаушыларды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін нығайту, балалардың шығармашылығын паш ету арқылы қазақстандық мәдениетті халықаралық аренада насихаттау. Халықаралық деңгейде жүзеге асырылатындықтан жоба аймақтағы елдердің келешек ұрпақтарының арасында мәдениетаралық байланыс пен өзаратүсіністік орнатуға бағытталған.

Қазақстанның барлық облысынан және шет мемлекеттердің шалғай аудандарынан 3500-ге жуық бала байқауға тегін қатысып, өнер шыңдауға мүмкіндік алады.

«Айқын» ақпарат
19.02.2019

Возврат к списку