Жаңалықтар
Студенттер мен оқушылар риза ма?

Студенттер мен оқушылар риза ма?

Довольны ли студенты и школьники?

Студенттер мен оқушылар риза ма?

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан жастарының білім беру жүйесі туралы пікіріне сүйенген әлеуметтік зерттеулер мәліметтерін ұсынады.

Жастардың алған немесе алып отырған білім беру жүйесімен қанағаттану деңгейі ір түрлі: білім беру жүйесін 5-балдық жүйе бойынша бағалау ұсынылғанда респондентердің 35,2%-ы өз өмірінің осы қырын 5 балға бағаласа; 42,3%-ы – 4 балға; 15%-ы – 3 балға; 4%-ы – 2 балға және 1,6%-ы –1 балға бағалады.

«Өзіңіздің алып болған немесе алып жатқан білім беру жүйесімен қанағаттану деңгейіңіз қандай?» сұрағына бағалау үшін орта мәні жоқ 4 шкала берілді: бірінші полюсте оң бағалар – толығымен қанағаттанамын және қанағаттанамын деуге болады, басқа бір полюсте – толығымен қанағаттанбаймын және қанағаттанбаймын деуге болады. Алынған мәліметтерге сәйкес, 81,7%-ы өзінің білімімен қанағаттанады, сондай-ақ олардың арасында толығымен қанағат танатындардың үлесі 30% құрайды. 15,5% - қанағаттанбайды.

Мәліметтерге сәйкес, барлық жастағы топтардың өкілдері өзінің білім сапасымен қанағаттанады екен. Көрсеткіштер 79,6%-дан 84,8%-ға өзгеріп отырады. Қалай болғанда да, жас ерекшелігі үлкен болған сайын, қанағаттану деңгейі төмен, ең төменгі көрсеткіш - 79,6% және ол 24-28 жастағы респонденттер тобында кездеседі. Қалада тұратын жастардың қанағаттану деңгейі – 83,4%. Ауыл жастарының көрсеткіші – 79,6%.

Жастардың көзімен қарасақ, бүгінде білім беру саласындағы өзекті мәселелердің қатарына білім алу құнының жоғары болуы, кадрлардың тапшылығы, оқу орындарын қаржыландыру деңгейінің мардымсыздығы, содан туындайтын салдар ретінде әлсіз техникалық жабдықталу мен заманауи оқулықтардың кемшілігі жатады.


13.02.2019

Возврат к списку